Сенатор апаттық жағдайдағы тұрғын үй иелерінің мәселелерін шешуді ұсынды

1129

Сенатор Нариман Төреғалиев бірнеше жыл бойы Батыс Қазақстан облысында апатты жағдайдағы тұрғын үй иелерінің мәселелері шешілмей отырғанына тоқталды. 

Сенатор апаттық жағдайдағы тұрғын үй иелерінің мәселелерін шешуді ұсынды

Олардың құқықтарын қорғауды күшейту үшін "Тұрғын үй қатынастары туралы" заңға өзгерістер енгізуді ұсынды. Себебі апатты үйлер меншіктен шығарылған жағдайда, оның иелері жалға берілетін пәтерлерді алады.

Депутат қазіргі уақытта адамдар апаттық жағдайда болса да, өздерінің жалғыз жеке тұрғын үйлерінен айырылмауы маңызды екенін, сондықтан жалға берілетін тұрғын үйде тұрудың белгілі бір мерзімінен кейін олар коммуналдық пәтерлерді қалдық құны бойынша жекешелендіруі немесе сатып алуы мүмкіндігі болудың маңыздылығын атап өтті.

"Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңға сәйкес, тұрғындар коммуналдық тұрғын үй қорынан пәтер алғандықтан, олардың меншік құқығындағы авариялық тұрғынжайлары коммуналдық меншікке қабылданды. Осылайша бір мезетте азаматтар жалғыз баспаналарынан айырылып, жалдамалы пәтерлерге ауыстырылды. Тұрғындардың басым көпшілігі аз қамтылған азаматтар  екендігін атап өткен жөн. Үйлерін жеке меншікке беру бойынша тұрғындар өз тарапынан, облыс, қала әкімдерінің атына хат жолдап, мәселені Сенат депутаттарының алдында да көтерген болатын. Жергілікті әкімдік тарапынан, көтеріліп отырған мәселелер бойынша қолданыстағы Заң талаптары түсіндірілгенмен, мәселе түбегейлі шешілмегендіктен, халықтың наразылығы туындады. Осы ретте, көтеріліп отырған мәселе тек Батыс Қазақстан облысының проблемасы емес, еліміздің барлық өңірлеріне де қатысы бар", – деп атап өтті Нариман Төреғалиев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу