Сенатор: Ипотекалық бағдарламалар осал санаттағы азаматтар үшін қолжетімсіз

984

І және ІІ топтағы мүгедектігі бар адамдардың ресми жұмысқа орналасуға мүмкіндігі жоқ.

Сенатор: Ипотекалық бағдарламалар осал санаттағы азаматтар үшін қолжетімсіз

Сенат депутаты Ләззат Сүлеймен мемлекеттік ипотекалық бағдарламалардың осал санаттағы азаматтар үшін қолжетімсіз екенін мәселе етіп көтерді, деп хабарлайды Atameken Business.

Мысалы, І және ІІ топтағы мүгедектігі бар адамдардың ресми жұмысқа орналасуға мүмкіндігі жоқ. Тиісінше зейнетақы қорына жарна аударылмайды. Еңбек табысын растаудың болмауына байланысты аталған санаттағы азаматтарға жеңілдетілген ипотекалық кредит бұйырмайды. Ал "Баспана Хит" бағдарламасы, тіпті, айлық табысы 170-180 мың теңгеден төмен азаматтарға да қолжетімсіз.

Депутат "7-20-25" бағдарламасының да кем тұстарына тоқталды. Аталған бағдарлама бастапқы тұрғын үй нарығына ғана бағытталған. Ал қолданысқа берілгенде жаңа тұрғын үйден пәтер табу қиын. Себебі алыпсатарлар ғимарат құрылысы жүріп жатқанда арзанға алып, кейін қымбатқа сатады. Осыған байланысты сенатор мемлекеттік ипотекалық бағдарламалардың аясын кеңейтуді ұсынды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу