Сенатор тұрғын үйлердегі лифтілерге мемлекеттік бақылауды ТЖМ-ге қайтаруды ұсынды

346

Лифттердің нормативтік пайдалану мерзімі – 25 жыл.

Сенатор тұрғын үйлердегі лифтілерге мемлекеттік бақылауды ТЖМ-ге қайтаруды ұсынды Фото: видеодан алынған кадр

Сенатор Бекбол Орынбасаров көппәтерлі тұрғын үй нысандарындағы лифтілерге мемлекеттік бақылауды әкімдіктерден Төтенше жағдай министрлігінің Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетіне қайтаруды ұсынды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Ол Үкімет басшысының атына депутаттық сауал жолдады.

"Соңғы жылдары Қазақстанда лифттердің қауіпсіздігі жеткіліксіз бағаланған салалардың біріне айналды. Осыған дейін бірнеше рет депутаттық сауал жолдап, лифттер мен көтергіш құралдары пайдалану саласындағы қауіпсіздік мәселелерін көтергенмін. Дегенмен оған қарамастан жүйелі шаралар қабылданған жоқ. Мемлекеттік органдардың жауаптары іс жүзінде формальды және ең трагедиясы осы уақыт ішінде азаматтар үшін қауіп артпаса, азайған жоқ. Бүгін осы мәселеге қайта оралуға мәжбүрмін", – деді Бекбол Орынбасаров Сенаттың жалпы отырысында.

Сенатор Астанадағы тұрғын үй кешендерінің бірінде болған қайғылы жағдайды есіне алды. 

"Ремонт жұмыстары кезінде лифт жұмысшылардың үстіне құлап, бір адам оқиға орнында қаза тауып, екі адам ауыр жарақат алды. Тұрғындардың айтуынша, үй пайдалануға берілген алғашқы күннен бастап лифттерде тұрақты ақаулар байқалған. Лифтілер жиі істен шығып, кабина бірнеше рет құлаған. Ал олардың жарамдылығын тексеру екі рет сәтсіз өткен. Бұл трагедия қазіргі бақылау жүйесінің апатты жағдайларды алдын алу қабілетін толық жоғалтқанын көрсетеді және ештеңе өзгермесе, осындай жағдайлардың қайталана беретіні сөзсіз. Қазақстандағы лифттерді пайдалану күннен күнге нашарлап келеді", – деп атап өтті Сенат депутаты.

Бекбол Орынбасаров лифттегі бақылау формальді екенін жеткізді. 

"Әкімдіктерде штат та, мамандар да, техникалық база да жоқ. Мысалы, Астанада тұрғын үй инспекциясында екі адам 10400 лифттерді бақылайды және бір уақытта газ баллондарына да жауап береді. Ал облыстағы инспекторлар лифттердің қауіпсіздік механизмдері жөнінде тіпті минимальды білімге де ие емес", – деп түсіндірді сенатор.

Ең алаңдайтын үлкен мәселелердің бірі лифт паркінің ескіргені, дейді ол.

"Лифттердің нормативтік пайдалану мерзімі – 25 жыл. Бұдан кейін оны жөндеу мүмкін емес. Тек қана ауыстыру ғана қажет. Бүгінде Қазақстанда 4 мыңнан астам лифт ресми түрде ауыстыруды қажет етеді. Ал Еуразиялық экономикалық комиссияның деректерінше, шамамен 7 мың лифт өз пайдалану мерзімін аяқтаған. Бұл әр оныншы лифт трагедияның ықтимал көзі екенін, қауіп күннен күнге өсіп жатқанын білдіреді", – деді ол.

Сенатор көппәтерлі тұрғын үй нысандарындағы лифттерді мемлекеттік бақылауды әкімдіктерден Төтенше жағдай министрлігінің Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетіне қайтаруды ұсынды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу