Сенатор жол ережелерін жүйелі бұзатындарға айыппұл жеңілдігін алып тастауды ұсынды

155

Көлік жүргізушілерінің 95% заңға бағынады.

Сенатор жол ережелерін жүйелі бұзатындарға айыппұл жеңілдігін алып тастауды ұсынды Фото: primeminister.kz

Сенатор Марат Қожаев жол ережелерін жүйелі әрі қасақана бұзатындар үшін айыппұл жеңілдігін алып тастау керек деп есептейді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Сенат депутатының айтуынша, мұндай көлік жүргізушілері үшін ойын ережесін өзгерту керек. Ол жолдағы жүйелі құқықбұзушылар үшін айыппұл төлеудегі жеңілдікті алып тастауды ұсынып отыр. Әңгіме жылына 100-ден астам құқықбұзушылықтар жасайтын көлік жүргізушілеріне қатысты болып отыр. Бұл ретте олар айыппұл төлеуде 50 пайыз жеңілдікті пайдаланатын көрінеді.

"Қарапайым азаматтар бұл оларға қатысты деп ойлайды. Негізінен алғанда елдегі жүргізушілердің 95 пайызы заңға бағынады. Мен айтып тұрған ұсыныс оларға қатысты емес. Бұл жолдағы жалпыға ортақ тәртіп ережелерін елемейтін, жол қозғалысы қағидаларын сақтамайтын адамдарға қатысты", – деді Марат Қожаев Үкіметтегі кулуарда.

Сенатор автокөлік жоғары қауіп көзі екенін еске салды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу