Сенаторлар мемлекеттік қолдауға ие болатын компаниялар тізімін қайта қарауды ұсынды

707

Дариға Назарбаева мемлекеттік комиссия құрастырған тізімде құрылыс пен сауда компанияларының үлесі көп екенін сынға алды.

Сенаторлар мемлекеттік қолдауға ие болатын компаниялар тізімін қайта қарауды ұсынды

Сенаторлар мемлекеттік қолдауға ие болатын компаниялар тізімін қайта қарауды ұсынды, деп хабарлайды Atameken Business. 

Дариға Назарбаева мемлекеттік комиссия құрастырған тізімде құрылыс пен сауда компанияларының үлесі көп екенін сынға алды. Ал, импорт алмастыру саясатын іске асыратын  тау-кен және өңдеу өнеркәсібі өкілдерінің саны аз.

"Депутаттар жүйе құраушы санатына жататын кәсіпорындарды анықтау шарттарын жаңарту мәселесін көтерді. Сөздерінше, қазіргі талаптар қарапайым заттар экономикасы стратегиясына сай емес. Кәсіпорындарды іріктеу мен қолдау тетіктері әр саланың ерекшелігіне қарай әзірленуі қажет. Қаржылай қолдау атаулы әрі дәл болуы үшін мемлекеттен көмек алатындардың тізімі жаңа критерийлерді ескере отырып, қайта қаралуы керек",– деді Сенат төрағасы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу