Сенаторлар жаңа Конституция ережелерін түсіндіру үшін өңірлерге аттанды

171

Мұны Парламент Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев айтты.    

Сенаторлар жаңа Конституция ережелерін түсіндіру үшін өңірлерге аттанды Фото: t.me/senate_kz

Жаңа Конституция ережелерін түсіндіру үшін сенаторлар өңірлерді аралап, халықпен кездеседі, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Мәулен Әшімбаев сенаторларға жаңа құжат жобасындағы басым бағыттарды айшықтап, халықтың саяси жүйені жаңғыртудағы рөлін түсіндіруді тапсырды.

Бүгіннен бастап 5 наурызға дейін, яғни екі апта бойы Сенат депутаттары өңір тұрғындарына Конституция ережелерін түсіндіреді.

"Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Жарлығына сәйкес 15 наурызда жаңа Конституция жобасына байланысты республикалық референдум өтеді.  Өңірлердегі кездесулерде халықпен ашық диалог құрып, конституциялық өзгерістер – Президентіміздің саяси бағдарының жүйелі жалғасы және "Әділетті Қазақстан" тұжырымдамасының институционалдық негізі екеніне баса мән беру қажет. Қолға алынған бастамаларды азаматтардың дұрыс түсініп, қабылдауы – реформаларды табысты жүзеге асырудың басты кепілі. Сондықтан конституциялық реформалардың мәнін халыққа баяндап ғана қоймай, ашық диалог құру аса маңызды", – деп мәлімдеді ҚР Парламенті Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу