Сенаттағы ауыс-түйіс таусылар емес

1046

Ольга Перепечина Сенат төрағасының орынбасары болып сайланды. Оны төраға Мәулен Әшімбаев ұсынды, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Сенаттағы ауыс-түйіс таусылар емес

Ольга Перепечина 2014 жылы Солтүстік Қазақстан облысынан депутат болып сайланған. Сенаттың Қаржы және бюджет Комитетінің төрайымы болған. Солтүстік Қазақстан облысында лауазымды қызметтер атқарған. 1967 жылы 23 тамызда туған, орыс, білімі жоғары. Қорған ауылшаруашылық институтын бітірген. Мамандығы – экономист.

Айта кету керек, осы аптада Сенат төрағасының бұрынғы орынбасары Нұрлан Әбдіров Орталық сайлау комиссиясының төрағасы лауазымына тағайындалған.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу