Сербия Президенті Александр Вучич Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Қазақстанға ресми сапармен келді. Сербия Президентін әуежайдан ҚР Премьер-министрі Олжас Бектенов қарсы алды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Александр Вучичтің Қазақстанға ресми сапары аясында саяси диалогты одан әрі нығайту, сауда-экономикалық байланыстарды және мәдени-гуманитарлық өзара іс-қимылды кеңейту мәселелері бойынша жоғары деңгейдегі келіссөздер жоспарлануда.
Сербия – Қазақстанның Балқан түбегіндегі жақын және сенімді серіктесі. Дипломатиялық қатынастардың 30 жылында екі ел арасында құрметке, сенімге және өзара тиімді серіктестікке негізделген достық байланыстар орнады. Өткен жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан мен Сербия арасындағы тауар айналымы 7,6%-ға өсіп, $107 млн-нан асты.