Сербия президенті Александр Вучич отставкаға кететінін айтты

180

Александр Вучичтің президенттік өкілеттігі 27 қыркүйекте тоқтайды.    

Сербия президенті Александр Вучич отставкаға кететінін айтты Фото: Marko Djurica / Reuters

Бұл туралы президент Pink телеарнасының эфирінде мәлімдеді, деп жазады inbusiness.kz сайты ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

– 27-сі күні президенттік өкілеттігімді тоқтатамын, – деді Вучич Pink телеарнасының эфирінде.

9 қыркүйекте Сербия президенті елдің бір палаталы парламенті – Халық скупщинасын тарату туралы шешімді бекітіп, кезектен тыс парламент сайлауын 25 қазанға тағайындады. Кейін Вучич қыркүйек айының соңында отставкаға кетіп, кезектен тыс парламент сайлауына қарапайым азамат мәртебесінде дайындалатынын хабарлады.

Бұған дейін биліктегі Сербия прогрессивті партиясының төрағасы Милош Вучевич алдағы парламент сайлауында Вучичтің партиялық тізімді басқаратынын және премьер-министр лауазымына кандидат болатынын мәлімдеген еді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу