Президент бейбіт атом энергетикасы бойынша тәжірибе алмасу мүмкіндігі қарастырылғанын жеткізді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
– Келіссөз барысында жасанды интеллектіні және заманауи цифрлық технологияны жаппай енгізу стратегиялық тұрғыда маңызды екенін атап өттік. Осы бағытта бірлесіп жұмыс істеуге дайын екенімізді растадық, – деді Мемлекет басшысы.
Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, ауыл шаруашылығы саласында зор мүмкіндік бар.
– Біз агроөнеркәсіп кешеніндегі әріптестікті жандандыруға мүдделі екенімізді білдірдік. Соның ішінде өсімдік, тұқым шаруашылығы саласындағы ынтымақтастықты нығайтамыз деп келістік. Сербиялық "Mambikom Agrar" компаниясы Қазақстанда мұздатылған өнімдер шығаратын зауыт ашуға ниет танытып отыр. Бұл қадам аграрлық сектордағы ықпалдастықты жаңа деңгейге көтереді деп сенеміз. Сондай-ақ біз мәдени-гуманитарлық, білім беру және туризм саласындағы қарым-қатынасты дамытуға уағдаластық, – деді Президент.