Сергей Ткаченко Raw Air турнирінен 27-орын алды

405

Raw Air – Норвегияның төрт алаңында трамплиннен шаңғымен секіру бойынша өтетін он күндік турнир.  

Сергей Ткаченко  Raw Air  турнирінен  27-орын алды

Лиллихаммерде (Норвегия) трамплиннен шаңғымен секіру бойынша Raw Air турнирінің кезекті кезеңі өтті.  Аталған жарысқа Қазақстан құрама сапынан спортшылар қатысты, деп хабарлайды Olympic.kz.

Жарыс қорытындысы бойынша Сергей Ткаченко 195,8 ұпай жинап, 27-орыннан көрінді. Тағы бір қазақстандық спортшы Сабыржан Муминов 44- орынға жайғасты. Польша өкілі Камил Стох жарыс жеңімпазы атанса, словениялық Зига Желар екінші орынға ие болды. Ал оның отандасы Тими Зейц үздік үштікті қорытындылады.

Raw Air – Норвегияның төрт алаңында трамплиннен шаңғымен секіру бойынша өтетін он күндік турнир. Жарыс үзіліссіз түрде FIS әлем кубогі аясында ұйымдастырылады.    

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу