"Сергек" камералары Алматы қазынасына 94 миллиард теңге пайда әкелген

267

Аталған сома соңғы 5 жыл ішіндегі кіріс болып табылады.  

"Сергек" камералары Алматы қазынасына 94 миллиард теңге пайда әкелген Фото: Алматы қаласының әкімдігі

Бұл туралы Алматы мәслихаты депутаттарының отырысында белгілі болды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Алматыда қалалық мәслихаттың кезектен тыс XL сессиясы өтті. Сессия барысында мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы аясында "Сергек" компаниясымен келісімді 1 жылға ұзарту мәселесі қаралды. Депутат Алтынай Көбеева жобаның тиімділігін атап, оның қаладағы жол көлік оқиғасына және қалалық бюджетке қалай әсер еткенін туралы сұрақ қойды.

"Шарттың қолданылу мерзімінің 5 жыл ішінде барлығы өндірілді. 14 миллиард теңге мемлекеттік міндеттемелерді алып тастағанда 5 жыл ішінде 94 миллиард теңге айыппұл өндірілді. Бұл қаржы Алматы қаласының бюджетіне түседі", – деді Қала цифрландыру басқармасы басшысының міндетін атқарушы Мейрам Дүйсеков.

Алматы әкімінің орынбасары Алмасхан Сматлаев "Сергекпен" ұзақ мерзімді келісім жасау керек екенін айтты.

"Келісімді 1 жылға ұзарту маңызды. Бірақ болашақта ұзақ мерзімді серіктестікті қарастыру керек. Мысалы, Абай даңғылындағы автобус жолағында тек 13 камера жұмыс істейді. Біз "Сергекті" шақырып, олардың санын көбейту қажет екенін айттық. Олар 500-ден астам камера орнатуға дайын екенін растады. Сондықтан жобаны қолдауды сұраймын", – деді Алмасхан Сматлаев.

Қалалық мәслихат депутаттары жобаны қолдап, дауыс берді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу