"Сергек" кешендерінен Алматы бюджетіне 17,5 млрд теңге түсті

592

Алматы қаласы Цифрландыру басқармасының басшысы Баян Қоңырбаев қалада МЖӘ шарты бойынша 766 "Сергек" аппараттық-бағдарламалық кешендері жұмыс істейтінін мәлім етті, деп хабарлайды inbusiness.kz. 

"Сергек" кешендерінен Алматы бюджетіне 17,5 млрд теңге түсті

Айтуынша, оның 383-і желілік учаскелерде, 383-і көше қиылыстарында орналасқан.

"Жоба іске қосылғаннан бері жол-көлік оқиғалары 48%-ға, жол-көлік оқиғалары 29%-ға, жарақат алғандар 30%-ға төмендеген. 32 айда (2020 ж. – 2022 ж. тамыз) қала бюджетіне 17,5 млрд теңге түсті. Оның ішінде 2020 жыл – 4,9 млрд теңге, 2021 жыл – 7,8 млрд теңге, биылғы жылдың 8 айында – 4,8 млрд теңге", – деді басқарма басшысы.

Сонымен қатар ол "Сергек" кешендерін 575-ке ұлғайту жоспарланып отырғанын, оның 493-і желілік учаскелерде және 82-сі қиылыстарда екенін атап өтті.

 "2023 жылдың сәуірінде 575 аппараттық-бағдарламалық кешендерді іске қосу жоспарлануда, оның ішінде 2023 жылдың ақпанында 100, 2023 жылдың наурызында 150-ін мерзімінен бұрын ішінара іске қосу жоспарланған. Бұл бастаманы жүзеге асыру Алматы жолдарындағы өлім-жітім көрсеткішін 30%-ға төмендетіп, жергілікті бюджетке 16,2 млрд теңге көлемінде айыппұлдарды өндіріп алуға мүмкіндік береді", – деді Баян Қоңырбаев.

Оның айтуынша, "Сергек" кешендерін ұлғайту әсіресе криминогендік аймақтарды толық бақылауға, сондай-ақ жол және қоғамдық қауіпсіздікті жақсартуға мүмкіндік береді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу