Серік Күдебаев қызметінен босатылды

985

Алматы облысы полиция департаменті экс-басшысы, генерал-майор Серік Күдебаев ішкі істер органдарындағы қызметінен босатылды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Серік Күдебаев қызметінен босатылды

"Биыл ақпанда оны жұмыстан босату туралы бұйрыққа қол қойылды", – деп жазылған ІІМ баспасөз қызметінің "Интерфакс-Қазақстан" ақпарат агенттігіне берген мәліметінде.

Еске сала кетсек, 2022 жылғы наурызда Бас прокурор Берік Асылов қаңтар оқиғасы байланысты полиция департаменті мен ҰҚК басшыларына қатысты 7 қылмыстық істі тергеп жатқанын хабарлаған еді.

"5 қаңтарда Алматы қаласы, Алматы, Жамбыл және Қызылорда облыстарындағы полиция департаменттері мен ҰҚК үш департаментінің басшылары жұмыс орнынан кетіп қалған, әрі олар онда қару қалдырғаны анықталды. Бұл фактілер бойынша 7 қылмыстық іс қозғалды. Олар бойынша тергеу әрекеттерінің негізгі көлемі аяқталды", – деді Берік Асылов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу