Серік Сәпиевтің депутаттық өкілеттілігі мерзімінен бұрын тоқтатылды

970

Лондон Олимпиадасының жеңімпазы Серік Сәпиев ҚР парламент мәжілісінің депутаты қызметіне 2017 жылдың ақпан айында тағайындалған болатын.

Серік Сәпиевтің депутаттық өкілеттілігі мерзімінен бұрын тоқтатылды

ҚР парламент мәжілісінің депутаттары Серік Сәпиевтің өкілеттілігін мерзімінен бұрын тоқтатты, деп xабарлайды ҚазАқпарат.

Мәжіліс спикері Нұрлан Нығматуллиннің сөзіне қарағанда, Серік.Сәпиев өзінің еңбек жолын мемлекеттік қызметте жалғастыра береді.

"Құрметті Серік Жұманғалиұлы, осы біздің парламентте бірлесіп атқарған жұмыстарыңыз үшін алғысымызды білдіреміз. Барлық депутаттық корпустың атынан алдағы уақытта да жаңа қызметте –мемлекеттік жұмыста тек қана сәттілік және табыс тілейміз", – деді Нұрлан Нығматулин.

ҚР орталық сайлау комиссиясының xатшысы Бақыт Мелдешевтің айтуынша, Серік Сәпиев депутаттықтан кету туралы өтінішті өзі берді. Соның негізінде оның өкілеттелігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы ұсыным әзірленді. Мәжіліс депутаттары қарсылық білдірген жоқ, арнайы қаулыға бірауыздан дауыс берді. Ал спикер Нұрлан Нығматулин палата депутаттарының атынан Серік Сәпиевке ризашылық білдіріп, Алғыс хатты табыс етті.

Айта кетейік, Лондон Олимпиадасының жеңімпазы Серік Сәпиев 2017 жылдың ақпан айында ҚР парламент мәжілісінің депутаты қызметіне тағайындалған болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу