Серік Сәпиевтің орынбасарымен байланысты жағдай толық шешілді

233

Аталған мәселе жан-жақты қаралып, түпкілікті шешімін тапқан. 

Серік Сәпиевтің орынбасарымен байланысты жағдай толық шешілді Фото: 365info.kz

Олимпиада чемпионы әрі мемлекеттік қызметкер Серік Сәпиев соңғы күндері әлеуметтік желілер мен бұқаралық ақпарат құралдарында қызу талқыланған орынбасарымен байланысты жағдайға қатысты ресми түсініктеме берді, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Сәпиев мемлекеттік қызметте әдеп нормаларын сақтау – басты қағида екенін атап өтті. Ол өз қызметі барысында қандай да бір арандатуға ермейтінін және әр әрекеті үшін жауапкершілікті толық сезінетінін жеткізді.

– Қоғамда тарап жатқан пікірлерге байланысты өз ұстанымымды білдіруді жөн көрдім. Мемлекеттік қызметші ретінде мен үшін тәртіп пен жауапкершілік – негізгі талап. Бала кезімнен спорттағы тәрбие күшті тек ринг пен татамиде қолдану керектігін үйретті. Сондықтан эмоцияға берілмей, барлық жағдай заң аясында қаралды. Бұл мәселе бойынша нүкте қойылды, – деді ол.

Олимпиада чемпионының айтуынша, мемлекеттік қызмет саласында сабыр сақтау, кәсіби этиканы ұстану және қоғам алдындағы жауапкершілік әрдайым алдыңғы орында болуы тиіс.
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу