Серік Жұманғалиұлы – бокстан Олимпиада ойындарының жеңімпазы, екі дүркін әлем және Азия чемпионы, Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері. Сондай-ақ ол Вэл Баркер кубогінің иегері. Жаңа қызметінде ол ұлттық құрамалардың нәтижесін арттыруға, боксты дамытуға және Олимпиада ойындарында жоғары көрсеткіштерге қол жеткізуге бағытталған жұмыстарға атсалысады.
Сонымен қатар, танымал кәсіпқой боксшы Қанат Ислам 19 жасқа дейінгі Қазақстан жастар құрамасының үйлестірушісі болып тағайындалды. Бұған дейін ол әуесқой бокста Қытай құрамасы сапында өнер көрсетіп, Бейжің Олимпиадасы, әлем чемпионаты және Азия ойындарының қола жүлдегері атанған.
2010 жылдан бастап Қазақстан азаматы атанған Қанат Ислам "Астана арландары" клубында да өнер көрсетті. Кәсіпқой рингте 30 жекпе-жек өткізіп, оның 22-сін нокаутпен аяқтаған. Енді ол жастар құрамасының жұмысын үйлестіріп, халықаралық аренадағы нәтижелерді жақсартуға үлес қосады.