Сондай-ақ, ол азық-түлік инфляциясы өзін де қатты алаңдататынын айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
– Бүгінде әлеуметтік маңызы бар азық-түліктің 19 түрінің бағасы реттеледі. Әзірше, бұдан бірде-бір дүкен банкрот болған емес. Ал қазір біз енгізіп жатқан шара уақытша. Шамалы санын ұлғайтып, бұл тізбені 33-ке дейін жеткіземіз. Бұл инфляция үш құрамдасының ішінде дәл азық-түлік инфляциясы бізді қатты алаңдатты. Өйткені, ұзақ уақыттан бері бір азық-түліктің баға өсімінің қарқыны байқалады әрі бұл маусыммен байланысты емес, – деді вице-премьер Серік Жұманғарин.
Үкімет отырысынан соң өткен брифингте ұлттық экономика министрі қымбаттаудың салдарын алып-сатарлықпен де байланыстырды.
– Сауда министрлігі елдегі барлық импорт өнімдер әкелетін ірі көтерме сауда жасаушыны шақырып, олармен сөйлесті, себептерін анықтады. Біз мұны жай ғана енгізіп қоймаймыз. Үй жанындағы дүкендер мен қажеттілік болған жағдайда ірі компанияларға қолдау көрсетуге дайынбыз. Бұл кәсіпорындарды банкроттыққа алып келеді деп ойламаймыз, – деп нақтылай түсті Серік Жұманғарин.
Еске салайық, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізбесіне қызанақ, қияр, алма, сиыр еті сүйегімен, сүйексіз сиыр еті, тартылған ет, қой еті сүйегімен, жаңа немесе салқындатылған балық, мұздатылған балық, ультрапастерленген сүт, қаймақ, қатты ірімшік, қара шай қосылмақ.