Серік Жұманғарин картоп бағасы қашан тұрақталатынын айтты

255

Қазақстанда картоп тапшылығы жоқ. 

Серік Жұманғарин картоп бағасы қашан тұрақталатынын айтты Фото: pixabay.com

Бұл туралы Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Мәжіліс кулуарында айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Биыл Беларусьте де, Ресей Федерациясында да, Өзбекстанда да картоп жақсы өскен жоқ. Қазір картоптың бір келісі 400 теңгеден 600 теңгеге дейін барады. Түркістанда орта есеппен картоп 200-300 теңгеден басталады. Меніңше, қазір оның бағасы тұрақтанады", - деді министр.

Сөзінше, елде картоп тапшылығы жоқ. 

"Бірақ баға көтерілді. Екі жол бар. Біріншісі – картоптың бағасын шектеу, содан кейін оны биыл ешкім екпейді, ал келесі жылы біз тапшылыққа тап боламыз. Екіншісі – картоптың экспортын шектеу, біз мұны жасадық. Бірақ біз бағаны шектемедік. Өйткені бұл нарық талаптарына сәйкес келмейді", - деді министр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу