"Серпер" ұлттық өнер байқауына өтініш қабылдау басталды

170

Өнер байқауы 6 номинация бойынша өтеді.  

"Серпер" ұлттық өнер байқауына өтініш қабылдау басталды Фото: gov.kz

Атап айтсақ, "Домбыра", "Қобыз", "Прима қобыз", "Шертер", "Жетіген", "Сыбызғы" номинациялары бар, деп жазады inbusiness.kz сайты.

18-19 сәуір күндері Роза Бағланова атындағы "Қазақконцерт" Мемлекеттік академиялық концерттік ұйымы алғаш рет І Республикалық "Серпер" ұлттық өнер байқауын өткізеді.

Шараның мақсаты – ұлттық мәдениет пен өнердің озық дәстүрін жаңғырту және дамыту, қазақ халқының бай мәдени музыкалық мұрасын насихаттау, қатысушылардың кәсіби шеберлігін арттыру, жастарға патриоттық тәрбие беру, ұлттық және әлемдік мәдениет құндылықтарына баулу.

"Байқауға 18 жастан 35 жасқа дейінгі республикалық және халықаралық байқаулардың, телевизиялық конкурстардың жеңімпаздары мен Қазақстан Республикасының Мәдениет және өнер саласындағы оқу орындарының студенттері қатыса алады", - дейді ұйымдастырушылар. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу