"Сержантқа ұсталып қалдым"

541

Атырауда жас сарбаздардың жақындарынан ақша алып келген алаяқ ұсталды.

"Сержантқа ұсталып қалдым"

ҚР ІІМ Батыс өңірлік Әскери тергеу тобы Атырау Халықаралық әуежайының қызметкеріне қатысты қылмыстық іс қозғады. Оған алаяқтық, яғни әлеуметтік желіде әскерде жүрген жас сарбаздардың атынан парақша ашып, сол арқылы ақша жинады деген күдік тағылып отыр. Әскери-тергеу тобының аға тергеушісі Нұрлыбек Құлшаровтың айтуынша, әзірге осындай алты эпизодтың орын алғаны анықталған.

Оның ішінде, ең алғашқы қылмыс желтоқсан айында жасалған. Ол кезде күдікті түркістандық сарбаздың атынан парақша ашып, сержантқа телефонмен ұсталып қалғанын айтып, 6000 теңге алады. Осындай желеумен ол Отан алдындағы борышын өтеп жатқан түрлі өңір балаларының туыстарынан телефон бірлігі түрінде ақша алып отырған.

Қазіргі күні 29 жастағы азамат ешқайда кетпеу жөнінде қолхат жазып берген. Оның үстінен ҚР ҚК-нің 190-бабы бойынша іс қозғалған.

Құралай Қуатова
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу