Сеулде 10 жолаушысы бар автобус алып ғимаратты зақымдады

Sedaily сайтының жазуынша, оқиғадан кемі 4 адам жарақат алған.  

Сеулде 10 жолаушысы бар автобус алып ғимаратты зақымдады Фото: t.me/aznovost

Оңтүстік Кореяның астанасында жолаушылар автобусы жаяу жүргіншілер жолына шығып кетіп, ғимаратқа соқты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Өрт сөндіру қызметі автобус ішінде жүргізушіні қоса алғанда шамамен 10 адам болғанын мәлім етті.

Зардап шеккендердің екеуі ауыр халде ауруханаға жеткізілсе, қалғанына оқиға орнында алғашқы медициналық көмек көрсетілген.

Куәгерлердің сөзінше, соқтығыс қатты болған, ғимараттың кіреберіс бөлігіне зақым келген. Айналадағы көліктердің қозғалысы уақытша шектеліп, жол полициясы оқиға орнын қоршауға алды. 

Алдын ала мәліметтерге сай, автобус қала көшелерінің бірінде қозғалыс кезінде басқарудан шығып, жаяу жүргіншілерге арналған жолаққа кіріп кеткен. Кейін жақын маңдағы ғимаратқа соғылған. Оқиға орнына жедел жәрдем, өрт сөндіру және полиция қызметкерлері жедел жетті. 

Құзырлы органдар жүргізушінің мас болмағанын айтып отыр. Қазіргі уақытта жол-көлік оқиғасының нақты себептері анықталып жатыр. Тергеу барысында техникалық ақау, жүргізушінің денсаулық жағдайы немесе жолдағы күтпеген жағдайлар нұсқасы қарастырылуда. 

Қала билігі тұрғындарды сақ болуға шақырып, зардап шеккендерге қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатқанын мәлімдеді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу