Сеулден ұшып шыққан Air Astana ұшағы Бейжіңге шұғыл қонды

772

Бұған техникалық себептер әсер етті.

Сеулден ұшып шыққан Air Astana ұшағы Бейжіңге шұғыл қонды Фото: AirAstana

8 қаңтар күні Air Astana әуе компаниясының Сеул-Астана бағытындағы KC210 рейсі Бейжің әуежайына қонуға мәжбүр болды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Air Astana дерегінше, рейс жергілікті уақыт бойынша таңғы сағат 09:25-те Сеулден ұшып шығып, 11:50-де Бейжіңдегі әуежайға сәтті қонды.

"Ұшақ техникалық себептерге – барлық дәретхананың істен шығуы салдарынан қонуға мәжбүр болды. Қазір ақауды жою үшін қосалқы бөлшек жеткізілуі күтілуде. Рейстің ұшу уақыты жергілікті уақыт бойынша 01:00-ге ауыстырылды", – деп хабарлады Air Astana әуе компаниясы. 

Компания келтірілген қолайсыздықтар үшін жолаушылардан кешірім сұрады.

Айта кету керек, бұған дейін Фукуок-Алматы бағытындағы Air Astana ұшағы әуежайға кері оралғанын жазғанбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу