Испания Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, Мароккодан Испанияның Сеута анклавына заңсыз өтпек болған мигранттар арасында қаза тапқандар саны 72 адамға жеткен. Марокколық құқық қорғаушылар қаза тапқандар саны бұдан да көп болуы мүмкін екенін айтып, оқиғаның себептерін тәуелсіз тергеуге шақырды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты DW басылымына сілтеме жасап.
Апта басынан бері шамамен 60 мың адам теңіз және құрлық арқылы Сеутаға заңсыз кіруге әрекет жасаған. Олардың көбі үрлемелі шеңберлер мен қолдан жасалған жүзу құралдарын пайдаланған.
Испания билігі жағдайды бақылауға алу үшін Сеутаға әскери күштер жіберіп, шекарадағы қауіпсіздік шараларын күшейтті. Теңізде жаңа заңсыз өтулердің алдын алу мақсатында ұзындығы 500 метр болатын бөгет орнату жұмыстары басталды.
Испания премьер-министрі Педро Санчес мигранттар легіне шекара ашылды деген жалған ақпараттың таралуы себеп болуы мүмкін екенін мәлімдеді. Оқиғаның нақты мән-жайы әлі анықталып жатыр.