Шағын ауылда алғаш рет дәрігерлік амбулатория ашылды

1061

Жаңаөзен қаласына қарасты Қызылсай ауылында бір мезетте 50-ге жуық науқасты қабылдай алатын дәрігерлік амбулатория ашылды. Осылайша 7 мыңнан астам тұрғыны бар ауыл халқына ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында тамаша тарту жасалды. 

Шағын ауылда алғаш рет дәрігерлік амбулатория ашылды

Медициналық нысан заманауи медициналық құралдармен жабдықталған. Емделушілер ультрадыбыстық, рентген зерттеулері мен зертхана және тіс емдеу кабинетінің қызметтерін пайдалана алады. Барлығы 40-тан астам кабинет жұмыс істейді. Орталықта 26 маман еңбек етеді. Жұмысқа келген жас мамандарға әлеуметтік қолдау көрсетілген.

Айта кетсек, жаңа амбулатория ашылғанға дейін жергілікті тұрғындар апатты жағдайда тұрған ғимаратқа келіп дәрігерлерге қаралатын. Жаңа жобаға "Жұмыспен қамтудың жол картасы" аясында қаражат бөлініп, 2020 жылдың аяғында құрылыс жұмыстары басталған. Бүгінгі таңда Қызылсай ауылдық амбулаториядасында 5088 адам тіркелген. 

- Дәрігерлік амбулатория Жаңаөзен қаласын әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2019-2025 жылдарға арналған кешенді жоспары және "Nur Otan" партиясының 2025 жылға дейінгі "Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!" сайлауалды бағдарламасы аясында ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасын арттыру мақсатында іске қосылды. Ауыл халқының өсуі мен бала туу  көрсеткішін ескере отырып, осы жобаны жүзеге асырдық. Енді Қызылсай ауылының тұрғындары қалаға бармай-ақ, қажетті медициналық көмекті ауылдан ала алады, – деді Жанаөзен қаласының әкімі Мақсат Ибағаров

Ал ауыл тұрғыны Бақытжан Өскінбаевтың айтуынша, жергілікті халықтың қуанышында шек жоқ. Заманауи құралдармен толық қамтылған. Бұрын қала орталығына УДЗ жабдығы үшін баратын науқастар енді ауылда ем алатын болды.     

Алмас Қылыш                         

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу