Шағын бизнес шатқаяқтап тұр

1336

Адал еңбегімен табыс тауып жүрген шағын бизнес өкілдері тығырыққа тіреліп жатыр. Соңғы 6 айда белсенді шағын компаниялардың саны 5 мыңға азайды. 

Шағын бизнес шатқаяқтап тұр

Теріс тенденцияға қаржы тапшылығы мен несиенің қолжетімсіздігі және айналым қаражатының тапшылығы себеп болды. Салдарынан іскерлік белсенділік индексі төмендеп кетті деп хабарлады inbusiness.kz тілшісі 

Былтыр пандемияның кесірінен әлем экономикасы шайқалды. Корпоративтік сектор мен шағын және орта бизнес табыссыз қалды. Осының салқыны 2021 жылғы іскерлік белсенділік индексіне тиді. Бұл көрсеткіш 48,4 тармаққа дейін төмендеді. Бұған қоса бизнес жүргізу шартының көрсеткіші нашарлады. 

Қоғамдық ұйымдар жүргізген әлеуметтік зерттеу 2020 жылғы шілдеде белсенді шағын кәсіпорындардың саны 164,3 мың бірлікке жеткенін көрсетті. Бұдан соң нәтиже жақсармаған. Мысалы 2021 жылғы қаңтарда елде 159,7 мың белсенді шағын кәсіпорын болды. Бұл 2020 жылғы шілдемен салыстырғанда 2,8% кем көрсеткіш. Бұл жарты жылда белсенді шағын кәсіпорындардың саны 5 мыңға қысқарды деген сөз. 

Бұл ретте уақытша белсенді емес кәсіпорындардың да саны ұлғайып келе жатқанына назар аудару қажет. Бір жылда мұндай кәсіпорындардың саны 
23,3%-ға немесе 120 500 бірлікке дейін ұлғайды.

Қанат Махамбет

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу