Шағын бизнес субъектілерін несиелендіру көлемі 5,9% ұлғайды

540

Тұрғын үй құрылысына 1,5 трлн теңге тартылды.

Шағын бизнес субъектілерін несиелендіру көлемі 5,9% ұлғайды

Үкімет отырысында ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов еліміздің соңғы 10 айдағы әлеуметтік-экономикалық дамуы жайлы баяндама жасады. 

Оның айтуынша, құрылыс, ақпарат және байланыс, ауыл шаруашылығы, сондай-ақ өңдеу өнеркәсібі салаларында оң көрсеткіш тіркелген. Ал көлік, сауда, ғылыми және техникалық қызмет, жылжымайтын мүлік, операциялар, әкімшілік қызмет көрсету салаларында теріс сальда анықталған. 

"Инвестициялардың елеулі көлемі тұрғын үй құрылысына 30% өсіммен 1,5 трлн, көлікке 8% өсіммен 959 млрд, өңдеу өнеркәсібіне 11% өсіммен 661 млрд теңге, оның ішінде азық-түлік өнімдеріне 20% өсіммен 75 млрд, ауыл шаруашылығына 8% өсіммен 413 млрд теңге тартылды", – деді Руслан Дәленов. 

Министрдің мәлімдеуінше, экономиканы несиелендіру жалпы көлемі 3,5% артты. Ал шағын бизнес субъектілерін несиелендіру көлемі 5,9% ұлғайды. Бұл – тұтыну несиесінің және жалпы экономиканы несиелеу көлемінен жоғары көрсеткіш. 

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу