Шағын бизнеске 6%-бен несие беру шілденің соңында басталуы мүмкін

1395

"Даму" қоры 80%-ға дейін кепілдік береді.  

Шағын бизнеске 6%-бен несие беру шілденің соңында басталуы мүмкін

"Даму" Қоры АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Фархат Сәрсекеев қордың 80%-ға дейін кепіл болатын әрі 6% мөлшерлемесімен кепілзатсыз несие беретін бағдарламасы қашан іске қосылатынын айтты.

"Бұл бағдарлама "Бизнестің жол картасы – 2025" аясында жүзеге асады. Қаражатты қажет еткен шағын және микробизнес өкілдеріне 5 миллионнан 20 миллион теңгеге дейін несие беріледі. Бағдарламаның ерекшелігі – субсидиялау мен кепілдендірудің қарапайым жүйесінің болуы. Кәсіпкер "Даму" қорына қосымша қаржыландыру алу үшін өзі келмейді. Кәсіпкердің нақты бір жоба үшін банктен мақұлдау алуының банк пен "Даму" қорының арасындағы кешенді шешімі саналады. Бұл бағдарламаның іске қосылу уақыты туралы айтар болсам, барлық мәселелелер шілде айының соңына қарай шешіледі деп ойлаймын. Осы айдың аяғы, келесі айдың басында бағдарлама толыққанды қызмет ете бастайды. Кәсіпкерлер осы қаржыландыру тетігін пайдалана алады", – деді Фархат Сәрсекеев.

Бағдарлама аясында тек шағын және микробизнес нысандары қаржыландырылады.

"Бұл бағдарлама шағын және микробизнеске арналған. Бөлінетін 100 млрд теңге көлемінде лимит белгіленді. Несиені тек шағын және микробизнес өкілдері ғана алады. Басқаларға берілмейді. Субсидияға қаржы бар. Бағдарлама іске қосылған кезде, микро және шағын бизнес өкілдері банктен келісімін алғаннан кейін, осы бағдарлама бойынша қаржыландырылуға мүмкіндігі бар", – деді Басқарма төрағасының орынбасары.

Нұржан Көшкін

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу