Шағын бизнесті тексеруге мораторий тағы 2 жыл мерзімге ұзартылуы мүмкін

728

Шағын кәсіпкерлікті тексеруге мораторий 2024 жылға дейін ұзартылмақ, деп жазады inbusiness.kz.

Шағын бизнесті тексеруге мораторий тағы 2 жыл мерзімге ұзартылуы мүмкін

Ұлттық экономика министрлігі "Қазақстан Республикасында тексерулер мен профилактикалық бақылау мен қадағалауды жүргізуге мораторий енгізу туралы 2019 жылғы 26 желтоқсандағы №229 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына өзгерістер енгізу туралы" құжат жобасын әзірледі. Ол "Ашық НҚА" сайтында жарияланған.

Құжат жобасында көрсетілген түзетулерге сәйкес мемлекеттік органдардың бастамасы бойынша шағын кәсіпкерлікке, оның ішінде микрокәсіпкерлік субъектілеріне қатысты жүргізілетін мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыруға мораторийдің қолданылу мерзімін 2024 жылғы 1 қаңтарға дейін ұзарту қарастырылған.

Аталмыш жобаны қоғамдық талқылаудың мерзімі 2022 жылғы 11 тамызға дейін жалғасады деп көрсетілген.

Еске сала кетейік, қолданыстағы Жарлыққа сәйкес шағын кәсіпкерлікті тексеруге мораторий 2023 жылдың 1 қаңтарында аяқталады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу