Шағын кәсіпкерлік субъектілерін кредиттеу 3,3 пайызға азайды

929

Шағын кәсіпкерлік субъектілерін кредиттеу 3,3 пайызға азайды

Банктердің экономиканы кредиттеу көлемі 2018 жылғы қазанның соңында 12 776,4 млрд теңгені құрады (бір айда 0,9%-ға ұлғайды), деп хабарлайды Ұлттық банктің баспасөз қызметі.

Заңды тұлғаларға кредиттердің көлемі 7 595,7 млрд теңгеге дейін, яғни 0,3%-ға ұлғайды, жеке тұлғалардікі 5 180,8 млрд теңгеге дейін 1,7%-ға ұлғайды.

Қайта құрылымдауды бастан өткеріп жатқан және лицензиядан айырылған банктердің кредиттік портфелін есепке алмағанда, экономиканы кредиттеудің жылдық өсуі 8,3%-ды немесе 966,5 млрд теңгені құрайды.

Ұлттық валютамен кредиттердің көлемі бір айда 9 845,9 млрд теңгеге дейін 0,9%-ға ұлғайды. Олардың құрылымында заңды тұлғаларға кредиттер өзгерген жоқ, ал жеке тұлғаларға кредиттер 1,9%-ға ұлғайды. Шетел валютасымен кредиттердің көлемі 2 930,5 млрд теңгеге дейін 0,6%-ға ұлғайды. Олардың құрылымында заңды тұлғаларға кредиттер 0,9%-ға ұлғайды, ал жеке тұлғаларға кредиттер 3,6%-ға азайды. Теңгемен кредиттердің үлес салмағы 2018 жылғы қазанның соңында 77,1%-ды құрады (2017 жылғы желтоқсанда – 73,7%).

Ұзақ мерзімді кредиттердің көлемі бір айда 10 917,5 млрд теңгеге дейін, 0,8%-ға ұлғайды, ал қысқа мерзімді кредиттердің көлемі 1 859 млрд теңгеге дейін, 1%-ға ұлғайды.

Шағын кәсіпкерлік субъектілерін кредиттеу 2 421,2 млрд теңгеге дейін 3,3%-ға (экономикаға кредиттердің жалпы көлемінен 19%) азайды.

Салалар бойынша бөлінген банктердің экономикаға кредиттерінің ең қомақты сомасы өнеркәсіп (жалпы көлемдегі үлесі – 15%), сауда (13,6%), құрылыс (6,3%), ауыл шаруашылығы (3,9%) және көлік (4,6%) сияқты салаларға тиесілі.

2018 жылғы қазанда банктік емес заңды тұлғаларға ұлттық валютамен берілген кредиттер бойынша орташа алынған сыйақы мөлшерлемесі 12,5% (2017 жылғы желтоқсанда – 13,2%), жеке тұлғаларға – 17,3% (19,2%) болды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу