Шағын кәсіпкерлік субъектілерін тексеруге тыйым салатын мораторийдің мерзімі ұзарады

748

ҚР Ұлттық экономика министрлігі "Ашық НҚА" сайтында құжат жобасын жария талқылауға шығарды. 

Шағын кәсіпкерлік субъектілерін тексеруге тыйым салатын мораторийдің мерзімі ұзарады Фото: atameken.kz

Шағын кәсіпкерлік субъектілерін тексеруге тыйым салатын мораторий мерзімі 2024 жылға дейін ұзартылуы мүмкін, деп жазады inbusiness.kz.

"Орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап 2024 жылғы 1 қаңтарға дейін шағын кәсіпкерлік субъектілерін, оның ішінде микрокәсіпкерлік субъектілерін тексерулерді және профилактикалық бақылауды барып жүргізуді тоқтатсын. Оған мыналар қосылмайды: Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жүргізілетін жоспардан тыс тексерулер", – делінген құжат жобасында.

Айта кету керек, шағын және орта бизнес субъектілерін тексеруге жарияланған мораторийдың мерзімі 2023 жылдың 1 қаңтарында аяқталады.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу