Шағын кәсіпорындар саны 8,2 мыңға кеміді

1424

Биылдың өзінде қызметі тоқырауға ұшырағандар саны 8 мың 200-ге жеткен.

Шағын кәсіпорындар саны 8,2 мыңға кеміді

Шағын кәсіпорындардың жұмысы жоспарға сай жүрмей жатыр. Биылдың өзінде тоқырауға ұшырағандар саны 8 мың 200-ге жеткен. Бұл өткен жылмен салыстырғада 85%-ға жоғары, деп хабарлайды Atameken Business.

Әсіресе, шаруасы шатқаяқтаған шағын кәсіпорындар Алматы мен Нұр-Сұлтанда көп. Алматыда 3,6 мың, ал елордада 2,2 мың кәсіпорын жабылған. Үштікті Қарағанды облысы түйіндейді. Мұнда 400 кәсіпорынның жұмысы тоқтаған. Ең аз көрсеткіш Маңғыстау мен Қызылорда облысында: 68 кәсіпорын жабылыпты.

Дегенмен, ашылып жатқан шығын кәсіпорындар саны биыл 25%-ға артып, қазір 10 мың 300 заңды мекемені құрап отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу