Шағын сектордың ұлттық экономикаға әсері 6,1 пайызға артты

916

Шағын сектордың ұлттық экономикаға әсері 6,1 пайызға артты

Шағын бизнес ұлттық экономиканың драйверіне айналып жатыр. 2016 жылы оның жалпы ішкі өнімдегі (ЖІӨ) үлесі 18 пайыздан асты. Бұл туралы 7kun.kz хабарлайды.

2016 жылдың қорытындысы бойынша, шағын бизнестің мемлекет экономикасына салымы артып келеді. Оның Қазақстанның ЖІӨ үлесі 18,3 пайызды құрады.

Соңғы 5 жылда шағын сектордың ұлттық экономикаға әсері 6,1 пайызға артқан. Шағын кәсіпкерліктің қаржылай нәтижесі де көбейген. 2016 жылы шағын кәсіпорындардың жалпы түсімі бойынша табыс үлесі 36 пайызды көрсетті. Ал 2015 жылы бұл көрсеткіш 30 пайыз болған.

Орта және ірі бизнестен қарағанда шағын бизнестің табысы тез артып келеді. Бір жылда оның түсімі 6,6 трлн теңгеге (43%) артты. Ал ірі және орта бизнестегі түсім тек 3,5 трлн теңгені (10%) құраған.

Алайда, іскерлік белсенділікті арттыруға қосымша инвестиция қажет. Ал шағын кәсіп иелерінің несие ресурстары жеткіліксіз. Банктік қарыз түріндегі қызметтері шағын кәсіпкерлердің көпшілігіне қолжетімді емес. Себебі кепілсіз несиенің жылдық мөлшерлемесі 10-50 пайыз аралығында.

Сонымен қатар, банктен кредит алу кезінде қарыз алушы қосымша комиссия ретіндегі қаржы төлеуге міндетті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу