Шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 2,2 млн-ға дейін өсті

360

Бұл – соңғы төрт жыл ішіндегі көрсеткіш.  

Шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 2,2 млн-ға дейін өсті Фото: gov.kz

Қазақстанда халық табысын арттыру бағдарламасы іске қосылған сәттен бастап негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштердің өсуі тіркелді. Бұл туралы Үкіметте өткен баспасөз мәслихатында Ұлттық экономика министрінің бірінші орынбасары Азамат Әмрин мәлімдеді, деп жазады inbusiness.kz сайты.

"Жұмыс істеп тұрған шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 1,8 млн-нан 2,2 млн-ға дейін өсті, ал секторда жұмыспен қамтылғандар саны 4,5 млн адамға жетті.

Экономикадағы ШОБ үлесі ЖІӨ-нің 40,9%-на дейін өсті, жұмыссыздық деңгейі 4,6%-ға дейін төмендеді, ал жұмысқа орналасқан азаматтар саны 912,8 мың адамға дейін өсті", – деді Азамат Әмрин.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу