Шағын және орта бизнеске несие беру үрдісі цифрландырылады

Банктер 22,2 трлн теңге несие берді.   

Шағын және орта бизнеске несие беру үрдісі цифрландырылады Фото: Almaty.tv

Бұл туралы Ұлттық банк төрағасы Ғалымжан Пірматов мәлім етті, деп жазады inbusiness.kz.

"Ұлттық Банк шағын және орта бизнеске несие беру үрдісін цифрландыруды көздеп  отыр. Қазір банктер мен Мемлекеттік кредиттік бюроның мемлекеттік деректер базасын интеграциялау жұмыстары қолға алынған. Сондай-ақ шағын және орта бизнес субъектілеріне кредит беру кезінде айналым капиталына жүктеме талаптарын азайту, банктердің кепіл саясатына қойылатын талаптарды жеңілдету, кредит алу рәсімдерін оңайлату сияқты біршама жеңілдік беретін уақытша, бірақ тиімді шаралар енгізілуде. Олардың барлығы 2024 жылға дейін қолданыста болады", – деді бас банк басшысы.

Сондай-ақ, экономиканың басым салаларында "Қарапайым заттар экономикасы" бағдарламасы шеңберінде берілетін несиелер бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау мерзімін 7 жылға дейін ұлғайту жоспарланып отыр. Бүгінгі күні барлық мүдделі мемлекеттік органдар ұсынылған тетіктерді іске асыру бойынша жұмыс жүргізілуде.

"Бұл ретте, жалпы алғанда, қазіргі қиындықтарға қарамастан, банктер экономикаға беріп жатқан несиелер де артып келе жатқанын атап өткім келеді. Биылғы жылдың қараша айының соңында екінші деңгейдегі банктердің несие портфелі 22,2 трлн теңгені құрады. Яғни, банктер осыншама кредит берді деген сөз. Жыл басынан бергі өсім 20,1%. Заңды тұлғаларға берілген несиелер де 7,3%-ға яғни 8,3 трлн теңгеге дейін, оның ішінде шағын кәсіпкерлік субъектілеріне берілген несиелер 20,7%-ға, яғни 4,5 трлн теңгеге дейін өсті. Демек, экономикадағы ақша айналымының қарқыны бәсеңдеген емес. Жағдай қалыпты деуге болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу