Шағын және орта кәсіпкерлікпен айналысатындардың қатары артты

858

Шағын және орта кәсіпкерлікпен айналысатындардың қатары артты

Елімізде бизнес климатты жақсарту мақсатында бірқатар әкімшілік кедергі жойылады, деп хабарлайды khabar.kz.

Бүгінде елде бизнеспен шағын және орта кәсіпкерліктің 1,2 млн субъектісі айналысады. Олар 11 айдың қорытындысы бойынша 8,7 трлн теңгенің өнімін өндіріп, 3,2 млн адамды жұмыспен қамтыған. Өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда, шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері 5,6%-ға артыпты. Биыл бұл бизнесмендердің жалпы ішкі өнімге қосқан үлесі 26,8%-ға жетті.

Айта кету қажет, бизнес климатты жақсарту үшін бірқатар әкімшілік кедергі алынып тасталынады. Сонымен қатар алдағы уақытта тексерістер саны қысқарып, тек профилактика түрінде болады. Ешқандай да әкімшілік іс жүргізілмейді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу