"Шахановты сынайтындай сен кім едің?": Журналист Серікжан Біләшке жауап берді

340

Қоғам белсендісінің мәлімдемесі көптің ашуына тиді.

"Шахановты сынайтындай сен кім едің?": Журналист Серікжан Біләшке жауап берді Фото: Inbusiness.kz

Журналист әрі блогер Абзал Ибрашев қоғам белсендісі Серікжан Біләштің Халық жазушысы, марқұм Мұхтар Шаханов туралы айтқан даулы мәлімдемесіне байланысты пікір білдірді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Мұхтар Шаханов о дүниелік болды. 2019 жылы менің үстімнен арыз жазды. Арыз жазғанымен қоймай, сотта куәгер де болған еді. (...) Жақсы адам емес, өлеңі керемет. Бірақ ісі керемет емес. Шығарманы өте керемет жазады, ақындық талантын мойындаймын, бірақ табансыз, арсыз", – деді қоғам белсендісі Серікжан Біләш.

Танымал блогер Абзал Ибрашев "елдің бетке ұстар тұлғаларын аяққа таптаған адамды елге кіргізбеу керек" деген пікірді алға тартты.

"Елімізде "ас үйдегі оппозиция" мүшелері оны пір тұтады, айтқан сөзіне Құдайындай сенеді. Бұл өз заманында Қытайдан елге келген қандас болатын, қазір Америкада тұрады. Қытайда жүргенде талай қандас бауырларымызды түрмеге жаптырған. Қытайдан келген қандас бауырлардан сұрасаңыздар, бұның бүкіл тарихын айтып береді. (...)

Мұхтар Шахановты сынайтындай сен кім едің?! Мұхтар Шахановтың қазақ үшін жасағанының бір пайызын да жасаған жоқсың. Мінберде қазақтың тілі үшін сөйледің бе? Жоқ! Мінберде қазақтың жастары үшін сөйледің бе? Жоқ! Мінберде жалпы қазақ үшін сөйледің бе? Әрине, жоқ!", – деді блогер.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу