Шахтадағы төтенше жағдай: әлі күнге дейін үш кенші табылған жоқ

Ол қаза болған және зардап шеккен кеншілердің туыстары мен жақындарына компания тарапынан, мемлекет тарапынан да барлық қажетті көмек көрсетіледі.  

Шахтадағы төтенше жағдай: әлі күнге дейін үш кенші табылған жоқ Фото: www.arnapress.kz

Қарағанды облысы әкімінің бірінші орынбасары Вадим Басин Шахтинскіде өткен брифингте із-түзсіз жоғалғандарды іздеуде жұмыстары туралы айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі. 

Апат кезінде шахтада 227 адам болған. 

"Жылдам жедел штаб құрылды. 18 тамыздағы жағдай бойынша медициналық мекемелерде 11 жұмысшы бар, оның ішінде 9 адам Қарағандыда, екі адам Шахтинск қаласында. Құтқару операциясының нәтижесінде екі адамның мәйіті табылды, үш кеншіні іздеу жалғасуда", - деді спикер. 

Ол қаза болған және зардап шеккен кеншілердің туыстары мен жақындарына көңіл айтып, сонымен қатар компания тарапынан да, мемлекет тарапынан да барлық қажетті көмек толық көлемде көрсетілетінін жеткізді. 

"Ешкім қолдаусыз және назарсыз қалмайды", - деп қосты ол. 

Бұл ретте Вадим Басин өрт кезінде байланысқа шықпаған бес адамның қайда болғанын да айтып берді. 

"Негізінде, табылған екі мәйіт сол тұрған жерлерінен табылды. Біраз уақыт олар тығырықтан шығудың жолын іздеді, олардың қозғалып жол іздегені белгілі болды. Содан кейін олар шыға алмады. Олар неге шықпады? Өйткені олар құтқарушылар жете алмайтын аймақта болды. Онда температура жоғары және қатты түтін болды", - деді директордың орынбасары. 

Ол төтенше жағдай дабылы берілген кезде кеншінің қайда болғаны туралы ақпарат беретін жүйе бар екенін атап өтті. 

"Қазір біз жүйе өшкен кезде қалған үш кеншінің шамамен қайда болғанын білеміз. Қазір үш буын оларға қарай жылжуда. Олар өтуге тырысуда", - деді спикер. 

Еске сала кетсек, Қарағанды облысындағы шахтада төтенше жағдай 17 тамыз күні сағат 10:05-те орын алды. "АрселорМиттал Теміртау" АҚ көмір департаментіне қарасты "Казахстанская" шахтасынан өрт шыққан еді. 

Оқиға кезінде 227 адам жер астында болса, оның 222-сі эвакуацияланды. Олардың сегізі ауруханаға жеткізілді, екі кеншінің жағдайы ауыр деп бағаланды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу