Шай қымбаттады

672

2019 жылдың басында елімізге 5,5 мың тонна шай импортталған, яғни 20 миллион долларға шай жеткізілген.

Шай қымбаттады

Елімізде шай қымбаттады. Қазақстандықтардың сүйікті сусынының бағасы бір жылда 3,5% өскен, ал шай өндірісі 6% төмендеген, деп хабарлайды energyprom сараптама агенттігіне сілтемемен 24.kz.

2019 жылдың басында елімізге 5,5 мың тонна шай импортталған, яғни 20 миллион долларға шай жеткізілген.

Осы айда республика бойынша нарықтағы бір келі шайдың орташа бағамы – 2963 теңге.

Республика бойынша Қостанайда шайдың ең қымбаты – 3279 теңге. Алматыда – 3268, Қарағандыда – 3140 теңге. Ал Көкшетау, Павлодар, Орал өңірлерінде сергітетін сусынның бағасы 2500 теңгеден асады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу