Шайбалы хоккейден 2021 жылға арналған жарыс кестесі жарияланды

765

Делегаттар 2021 жылы Рига мен Минскіде өтетін әлем чемпионатының мерзімін бекітті.  

Шайбалы хоккейден 2021 жылға арналған жарыс кестесі жарияланды

Халықаралық шайбалы хоккей федерациясының кезектен тыс жиынында алдағы маусымда өткізілетін жарыстар тізбегі мәлім болды, деп хабарлайды Olympic.kz. 

Әлемдік дода 21 мамыр мен 6 маусым аралығына жоспарланған.

Сондай-ақ, әйелдер командасы арасындағы әлем біріншілігі 2021 жылдың 7-17 сәуірі аралығында Канадада өтеді.  Әйелдер командасы арасындағы 2022 жылғы Бейжің Олимпиадасына іріктеу турнирі де келесі маусымға жоспарланған. 

Алдағы маусымның басты бәсекелері қатарында төмендегі турнирлер бар: 

Хоккейден ерлер арасындағы әлем чемпионаты (элита), І,ІІ,ІІІ дивизиондағы (А және В топтары) әлем біріншілігі, 18 және 20 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы әлем чемпионаты.   
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу