Әлемге әйгілі колумбиялық әнші Шакира Қырғызстан астанасы Бішкекте жеке концерт өткізуді жоспарлап отыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Концерт жаңадан ашылған "Бішкек Арена" стадионында өтеді деп жоспарланған.
Қазіргі уақытта ұйымдастырушылар концерттің нақты күнін және басқа да шарттарды келісіп жатыр. Шакираның шоуы жаңа стадионда өтетін екінші ірі музыкалық шара болуы мүмкін.
Бұған дейін "Бішкек Аренада" Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанаты өтіп, онда америкалық әнші Николь Шерзингер өнер көрсеткен еді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу