Шалғай ауылдардың бәрінде интернет бола бермейтінін түсінеміз – Серік Жұманғарин

"Іскер аймақ" бағдарламасына қатысушылар шағын және орта бизнес кәсіпорындарын жарақтандыру мен қайта жарақтандырудың жаңа бағдарламасына қатыса алады. 

Шалғай ауылдардың бәрінде интернет бола бермейтінін түсінеміз – Серік Жұманғарин Фото: primeminister.kz

Үкімет отырысында бұл туралы Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

– Біз шалғай ауылдардың барлығында интернет бола бермейтінін түсінеміз. Осыған байланысты консультация берудің және ақпараттық сүйемелдеудің көшпелі форматы енгізілетін болады. Осы мақсатта консультациялық қызметтер көрсету, өтінімдерді қабылдау және жергілікті жерлерде мемлекеттік қолдау шараларын түсіндіру үшін қажетті жабдықтармен және байланыс құралдарымен жарақтандырылған мамандандырылған мобильді офистерді (автобустарды) сатып алу жоспарланған, – деді Серік Жұманғарин.

Оның сөзінше, лизинг бойынша "Іскер аймақ" бағдарламасын іске асыру 2 мыңнан астам жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды жаңғыртуға, еңбек өнімділігі мен кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігін арттыруға мүмкіндік бермек. Қаржыландыру да қосымша кепілсіз жүзеге асырылады. 

Бағдарлама аясында бір лизинг алушыға арналған лимит 5 жылға дейінгі қаржыландыру мерзімімен 300 млн теңгеден аспайды. "Өнеркәсіпті дамыту қоры" АҚ 300 млрд теңге қорландыру сомасына мемлекеттік инвестициялық жоба әзірлеп жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу