Шалғайдағы ауылдарға газеттер дрондар арқылы тасымалданады

753

Шалғайдағы ауылдарға газеттер дрондар арқылы тасымалданады

Шалғайдағы ауылдарға газеттер дрондар арқылы тасымалданады, деп хабарлайды 24.kz.

Ақпарат көзінің хабарлауынша, айшылық алыс жерлерден жылдам хабар алғызған заманда ақпарат жеткізудің жаңа қырлары ашылып жатыр. Оның озық үлгілері өзімізден де табылады. Қарағанды облысының шалғайдағы ауылдары енді республикалық газеттерді сиясын кептірмей оқи алады. Ол үшін жерден басқарылып, әуеде қалықтайтын дрондар қолданылмақ. Құрылғы 70 шақырымды бағындыра алады. Оны отандық компания жасаған. Қарағанды облысында іске қосылған "Қазпоштаның" тың жобасы енді жақын арада Оңтүстік Қазақстан мен Жамбыл облыстарында да жүзеге асады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу