Шалқар көлінде дайверлер фестивалі өтеді

834

 Фестивальдің іс-шаралары екі күнге – 28-29 шілдеге жоспарланған.

Шалқар көлінде дайверлер фестивалі өтеді

Ертең Сібенің Шалқар көлінде дайверлер фестивалі басталады. Фестивальдің іс-шаралары екі күнге – 28-29 шілдеге жоспарланған. Қатысуға ниетті кез келген адам су астына сүңгіп көре алады. Ал тәжірибелі дайверлер арасында жарыс өтеді, деп хабарлайды altaynews.kz.

Фестивальдің ұйымдастырушылары – Ұлан ауданының әкімдігі мен "Сібе" Дайвинг-орталығы.  Аталмыш мекемелердің ресми сайттарында іс-шараның бағдарламасы жарияланған.

Фестиваль 28 шілде күні сағат 10.00-де Сібенің үшінші көлі Шалқарда басталады. Қатысушылар күні бойы суға сүңгіп үйрене алады. Ал тәжірибелі дайверлер таңертеңнен түскі уақытқа дейін жарысқа қатысады. Түстен кейін дайв-гидпен бірге су астына экскурсия ұйымдастырылмақшы.

Сағат 17.00-ден 21.00-ге дейін жағажай қонақтарына арналған концерттік бағдарлама мен би кеші өтеді. Түнгі уақытта фестиваль қатысушыларына арнап көл жағалауына шатырлы лагерь құрылады. 29 шілде күні фестиваль жалғасын табады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу