Шалқар көлінің жанында үлкен туристік нысан салынады

432

Бұл туралы Мәдениет және спорт министрі өзінің Телеграм арнасында жазды. 

Шалқар көлінің жанында үлкен туристік нысан салынады Фото: ҚР МСМ

Мәдениет және спорт министрлігінің назарын талап ететін мәселелермен таныстым.

Қабылдауда көтерілген тақырыптардың бірі Солтүстік Қазақстанда туризмді дамыту болды. Шалқар көлінің жанында үлкен туристік нысан салу жобасының авторларымен кездестім. Жоба 2019 жылдан бастап СҚО әкімдігімен бірлесіп әзірленіп жатыр, сондай-ақ "Kazakh Tourism ҰК" АҚ мақұлдаған. Алайда оны жүзеге асыру үшін қолайлы жер учаскесін бөлу қажет, деді Асхат Оралов.

Сонымен қатар министр,  кәсіби гидтердің жетіспеушілігіне тоқталды.  Мұндай кадрларды даярлау отандық туризмді дамытуда өте маңызды екенін атап өтті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу