ТЖД: Шаңғышы қар көшкінінің жүруіне себеп болды

1082

Тау-шаңғы кешеніндегі Комби-2 жолының жұмысы тоқтатылды.  

ТЖД: Шаңғышы қар көшкінінің жүруіне себеп болды

Бұл туралы Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаменті мәлім етті, деп жазды inbusiness.kz.

Еске сала кетсек, "Шымбұлақ" тау шаңғы курортында қар көшкіні жүріп, оқыс оқиға салдарынан келуші көз жұмған. 

"2022 жылғы 10 науырызда Медеу ауданы "Шымбұлақ" тау шаңғы курортының жоғарғы жағында 1975 жылы туған азамат трасса қоршауынан шығып, тау беткейінен өтіп, қар көшкінінің жүруіне себеп болды. 
Нәтижесінде шаңғышы қайтыс болды", – деп жазылған ТЖД хабарламасында. 

Қазіргі уақытта Комби-2 жолының жұмысы тоқтатылды. 

Бұған дейін Алматы қалалық ТЖД Қазгидромет РМК дауылды ескертуідің негізінде тұрғындарға таудағы көшкін қаупі туралы смс, сондай -ақ БАҚ арқылы хабардар етіп, ескерткен болатын.

"Түскен қар массасының көлемі нақтылануда. Оқиға орнында ТЖД-дан 1 қызметкер және 1 техника, РЖҚЖ 8 қызметкер және 1 техника, Қазселденқорғау 2 адам бар", – деп жазылған ТЖД хабарламасында. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу