Шанхайда дүниежүзілік жасанды интеллект конференциясы басталды

335

Ол алты жыл қатарынан Қытайда өткізіліп келеді.

Шанхайда дүниежүзілік жасанды интеллект конференциясы басталды Фото: Ашық дереккөзден

Шанхайда жасанды интеллект бойынша Дүниежүзілік конференция басталды. Оған 400-ден астам экспонент қатысады. Бұл - көрме тарихындағы ең көп көрсеткіш, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Келген қонақтарға дрондардың жаңа буыны, смарт терминалдар, қолданба мүмкіндіктерін кеңейту және басқа да озық технологиялар ұсынылды. Жасанды интеллект бойынша Дүниежүзілік конференция үш күнге созылады. Ол алты жыл қатарынан Шанхайда өткізіліп келеді.

Осы уақыт ішінде бұл іс-шара технология саласындағы ынтымақтастық пен тәжірибе алмасудың ықпалды платформасына, сондай-ақ, осы саланы дамытудың катализаторына айналды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу