Шанхайда Қазақстан аумағы арқылы жүкті контейнермен жеткізуге байланысты келісім жасалды

828

Құжат Қазақстан аумағы арқылы Жапония мен ЕО, ОА, ТМД елдері арасындағы жүктерді контейнерлермен жеткізу мен тасымал көлемін арттыру және ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған.

Шанхайда Қазақстан аумағы арқылы жүкті контейнермен жеткізуге байланысты келісім жасалды

2018 жылдың 5-6 қарашасында Шанхайда "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ басқарма төрағасы Қанат Алпысбаев ҚХР ірі көліктік-логистикалық компаниялары мен бірқатар провинциялар жетекшілерімен кездесті, деп хабарлайды "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ баспасөз қызметі.

COSCO Shipping Corporation Limited бас директорының орынбасары Суй Цзюнеммен және Ляньюган портының президенті Чжу Сянянмен болған келіссөздер барысында халықаралық логистикалық желісіне қазақстандық транзиттік дәлізді интеграциялау және жаһандық логистикалық қызмет көрсету архитектурасының бөлігіне айналған, "Қорғас – Шығыс қақпасы" АЭА Құрғақ портын дамыту жөніндегі ыңтымақтастықтың нәтижелілігі атап өтілді.

2018 жылдың басынан Құрғақ порт арқылы 102,2 мың ЖФЭ артылса, бұл 2017 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 36% артық.

"ҚТЖ" ҰК" АҚ басшысы Қазақстан аумағы арқылы Қытай – Ресей – Қытай; Қытай – Орталық Азия елдері – Қытай; Транскаспий бағыты бойынша оларды ары қарай бірлесе пайдалану үшін контейнерлік активтерге инвестициялау мен контейнерлік операторларды құру мәселелерін қарастыруды ұсынды.

Қазақстан аумағы арқылы Қытай – Еуропа – Қытай бағыты бойынша контейнерлік тасымалдарды дамыту ынтымақтастығының перспектвалары және қазіргі жағдайы туралы Сиянь қаласы логистикалық платформасының басшысы Сун Именмен, Сиянь қаласы Қалалық комитетінің хатшысының орынбасары Гао Гаомен, Хунань (Чанша қ.) провинциясы губернаторының орынбасары Хэ Баосянмен және Чэнду қаласының мэрі Лю Сяолюмен болған кездесулерде кеңінен талқыланды.

Тараптар ҚХР контейнерлік тасымалдардың ЕО елдеріне және керісінше бағытта артып отырғандығының оң динамикасын атап өтті. 2018 жылдың 10 айында аталған бағыт бойынша 508 пойыз (20 862 ЖФЭ)  жөнелтілсе, бұл 2017 жылдың сәйкес кезеңімен  салыстырғанда 4 есеге көп.

Қазақстан арқылы құрғақ бағыттарды, соның ішінде аралас тасымалдарды пайдаланудағы жаңа көліктік өнімдерді әзірлеу "East Asia "Nippon Express" (China) тобының бас менеджері Сугия Тацуомен болған кездесуде сөз етілді.  

Кездесу қорытындысы бойынша агенттік келісім-шартқа қол қойылды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу