Шанхайда локдаун жарияланды

1849

Бұл мегаполисте соңғы екі жылдан бері жарияланған ең ауқымды шектеу.

Шанхайда локдаун жарияланды

Қытайдың Шанхай қаласында COVID-19-дың өршуіне байланысты соңғы екі жылдағы ең үлкен локдаун жарияланды, деп хабарлайды inbusiness.kz Associated Press-ке сілтеме жасап.

Шанхайдағы шектеулер екі кезеңге бөлінеді. Бірінші кезеңде Пудун экономикалық ауданы мен оның маңындағы аудандар дүйсенбіден жұмаға дейін жабылады. Екінші кезең жұмада басталады, ол кезде Хуанпу өзенінің батысындағы Шанхайдың орталық бөлігіне шектеулер енгізілмек.

Осы кезеңде тұрғындардан үйден шықпауы тиіс, кеңселер мен маңызды деп саналмайтын кәсіпорындар жабылады, қоғамдық көліктер тоқтатылады. Сондай-ақ локдаун кезінде қалада COVID-19-ға жаппай тестілеу жүргізіледі.

Айта кететіні өткен аптада Шанхай билігі жергілікті Диснейлендті жауып тастады, қаладағы Tesla зауытында өндірісті тоқтатады.

Жексенбіде Шанхайда 3,500-ге жуық адам сынама тапсырды, олардың тек 50-інің COVID-19 жұқтырғаны анықталды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу