Шардара су қоймасын бекемдеуге 3,7 млрд теңге жұмсалады

909

Бір жылдық бюджеттің 53%-ы су ресрустарын дамытуға бағытталған.

Шардара су қоймасын бекемдеуге 3,7 млрд теңге жұмсалады

Биыл Түркістан облысындағы Шардара су қоймасының сейсмикалық беріктігін арттыру үшін қайта жаңарту жұмыстары жүргізілуі керек. Бұл мақсатқа бюджеттен 3 756 337 мың теңге қарастырылған. Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің 2021-2023 жылдарға арналған бюджеттік бағдарламаларының жиынтық тізбесінде осылай деп көрсетілген. 

Жалпы аталмыш кезеңде министрліктің бағынышты вдеомстволары мен ұйымдарына 247 млрд 182 млн теңге бөлу межеленген. Оның 114 млрд 343 млн теңгесі 2021 жылға арналған. Яғни, үш жылдық бюджеттің 43,2 %-ы биыл игерілуі керек. Осы 114 млрд 343 млн теңгенің 60 млрд 558 млн теңгесі  су шаруашылығына бағытталған. Қаптаған қалың жобаның ішінде Шардара су қоймасын бекемдеу жобасы көзімізге  оттай басылды. Өйткені аталмыш гидротехникалық нысанның қауіпсіздігі туралы алыпқашпа әңгіме көп. 

Былтыр Өзбекстандағы Сардоба су қоймасы жарылған кезде Су рерсурстары комитетінің экс-төрағасы, жемқорлықпен сотталған Ислам Әбішев абақтыдан жолдаған ашық хатында Шардара су қоймасын күрделі жөндеуден өткізу керектігін айтып, дабыл қаққан Күзде ғана Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев Сенат қабырғасында осы мәселені тағы көтеріп, "1969 жылдан бері апатты күрделі жөндеу көрмеген нысаннан ақау шықса, Түркістан және  Қызылорда облыстарының 260 мыңнан аса тұрғыны су астында қалуы мүмкін" екенін айтқан. Оның сөзіне сенсек, ықтимал апаттың алдын алу үшін қосымша шлюз салу қажет көрінеді. Оның жобалық-сметалық құжатын дайындауға  ғана 43 млн теңге қажет. Бұл жобаны іске асыру бюджет үшін неше теңгеге түсетіні сол смета дайындалғанда ғана белгілі болмақ. Ал министрлік бюджетіне енген 3,7 млрд теңгенің жобасы "Қазсушар" РМК-ның тарсырысымен іске асуға тиіс.  
60 млрд теңгеден астам қаражатты қамтып жатқан жобалардың ішінде Нұр-Сұлтан қаласының қорғаныс бөгетін қайта жаңарту жобасы да бар. Оған 1,6 млрд теңге қарастырылған.

Есімжан Нақтыбайұлы

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу